Кеңащы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Аубакирова Кумысшаш Жантасовна "Өңірдің білім беру жүйесіне қосқан үлесі үшін" Білім және ғылым министрі Асхат Айтмағамбетовтың алғыс хатымен марапатталды. Әріптесіміз көп жылдан бері білім саласында қызмет атқарып, мамандыққа деген адалдығын көрсетіп келеді, ұзақ жылдық қызметі барысында алдынан біршама шәкірттер тәрбиелеп, ұшырды. Қазіргі таңда әріптесіміздің шәкірттері еліміздің дамуы үшін әр салада қызмет атқырып жатыр. Ұстазына деген алғыстарын жыл сайын мереке қарсаңында көрсетіп, алғыстарын білдіруде. Әріптесімізге отбасыңыз аман, деніңіз сау болып, еңбегіңіз осылай еленіп, табысыңыз толыға берсін деген игі тілек білдіреміз. Талантты, талапты шәкірттеріңіз көп болсын! Марапатыңыздың қатарына Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгімен толықсын. Мектеп әкімшілігі