Кеңащы орта мектебінің Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы
Қатысқан 7 адам 01.03.2021 ж.
Күн тәртібі:
Отырыс барысы:
1.Мектеп директоры Г.С.Садуова 9 адамнан тұратын Кеңащы ауылының Қамқоршылық Кеңестің мектепке көрсеткен спонсорлық көмек туралы мәлімдеді:
Әр уақытта кеңес мүшелері Жаппай білім беру қорынан көмек алатын оқушыларға материалдық көмек ретінде киім мен аяқ киім берді; олардың тамақтануына ұн, май, макарондар беріп тұрды; жаңа жылдық сыйлықтар барлық оқушыларға тегін берілді;
Мектеп оқушыларын аудан немесе облыстық байқауларға жеткізу мақсатымен бірнеше рет жеке меншікті көліктермен көмек көрсеткен;
Ал енді мектептің материалдық-техникалық қорына келсек, мектептегі “Рухани жаңғыру” кабинетін, Баянғали Әлімжановтың әдеби бұрышын жабдықтауға жан-жақты көмекті жеке кәсіпкер Ерболат Айланыш көрсетті (Нұрсұлтан қаласынан). Оқушылардың көркемөнерпаздар байкауларына қатысып, әр түрлі концерттік бағдарламаларда киюге арналған ұлттық киімдермен «Достар» мәдениет үйінен Көкшетау қаласынан Кешуов Б.Б. спонсорлық көмек көрсетті;
Қысқы мерзімде от жағу қазандықтарды жөндеуге заттармен шығысып отырады. Мектеп жанындағы қар тазалауға, көмір үйюге Қамқоршылық Кеңес мүшелері өз жеке көліктермен көмек көрсетіп отырады. Оқу жылының сонында, әдеттегідей, Қамқоршылық Кеңес мүшелері мектеп ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізуге қол ұшын тигізіп тұрады. Ал қаржылай көмек берілген жоқ.
2.Қамқоршылық кеңес мүшесі, ауыл әкімшіліктің бас маманы Нұрмағамбетова М.К. қазіргі кезеңде, жалпы дүниежүзілік індетпен байланысты, карантиндік режимінде мектепте штаттық түрінде білім беріліп жатқанында Қамқоршылық Кеңес мүшелері спонсорлық көмек ретінде оқушыларға бетперделер (маски) , перчатки, салфеткалар бердік, - деді.
Хатшы: А.Мухамеджанова