Математикадан сыныптан тыс «Математика және спорт» атты 5-7 сынып оқушылары арасында спортпен байланыстыра отырып математикалық ойын өткізілді. Мақсаты: Математика мен спортты байланыстыра отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және спорттық ойынға деген көз қарасын, сүйіспеншілігін қалыптастыру. Типі: эстафета түрінде өтті. Оқушылар 2-топқа: «Қырандар», «Барыстар» болып сайысты.
Топтардың таныстыруынан басталды. Ойын 8 тур өтті. Топтың таныстыруы. (аты, ұраны, әні, төсбелгісі)
1. «Мықты білімпаз?» (эстафеталық жарыс)
2. «Білгенге маржан»
3. «Ребус» шешу. (арқан тартыс)
4. «Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады», (топ басылар сайысы)
5. «Бірлік болмай, тірлік болмас» (ширату-скакалка секіру, шар үрлеу)
6. «Сен маған, мен саған» (шығармашылық тапсырма)
7. «Ойымды жалғастыр» ( жанкүйерлерге мақал-мәтелдер)
8. «Сен білесің бе?» ( доппен секіру)
Сайыс соңында әділ-қазы топтарды бағалап, марапаттады . Сайыс өте қызықты болды.