Еліміздің озық ел атану жолындағы басты құралдарының бірі – Цифрландыру. Қазіргі таңда қоғамның барлық саласы цифрландыруда. Біздің де мектебіміздің оқушылары осы өзгерістен тыс қалмасын деген мақсатпен мектеп басшысының тәрбие жөніндегі орынбасары Ерболат Адай оқушыларға арнайы «Кітап – өмір ұстазы» атты «мобильді кітапхана» бұрышын әзірледі.
Электронды кітаптың ыңғайлы түрінің бірі – «мобильді кітапхана». Бұл қосымшаны смартфонға жүктеп алуға қолайлы. Яғни, қалта телефонындағы Play Маркеттен «куеркод» қосымшасын жүктеп алып, керекті кітапты оқуға мүмкіндік бар. Оны пайдалану өте ыңғайлы.
«Мобильді кітапханада» – 100 кітап өз штрих кодымен берілген. Мектеп жасындағы балаларға арналған халық әңгімелері мен батырлар жырын, ертегілерді және әр түрлі көркем әдебиеттер тыңдалған.