«Кенащы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
2018 – 2019 оқу жылындағы
4-сәуір - 17-сәуір аралығында өткен
«Қауіпсіз интернет»
онкүндігі өтілуі туралы мәлімет.
4-сәуір - 17-сәуір аралығында ата-аналарға, балаларға қауіп тудырмайтын ғаламтор жөнінде ақпарат тарату мақсатында «Қауіпсіз интернет» атты ақпараттық науқан ұйымдастырылды.
Науқанның басты мақсаты – кәмелетке толмағандардың, педагогтар мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсері проблемасын түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерді ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату.
Осыған орай, Кенащы орта мектебінде орта мектебінде осы науқанға байланысты жоспар құрылып директормен бекітілді. Аталған онкүндіктің өткізуге жоспарланған барлық іс – шаралар толық атқарылды және өз нәтижелерін көрсете білді. 1 – 11 сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен 1-11сыныптар арасында «Интернет деген не?», «Қауіпсіз Интернет еліне саяхат», «Детям нужен с детских лет безопасный интернет», «Полезный и безопасный Интернет» тақырыбына тәрбие сабақтарын өткізді.
Мектеп оқушылар арасында әлеуметтік желілерде болатын баланың денсаулығына кері әсерін тигізетін ақпараттардан қорғау мәселелері бойынша мектеп инспекторы үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.
Бастауыш сынып мұғалімі Абзалутдинова Жанар Ғалымжанқызының жетекшілігімен 3-4 сыныптар аралығында «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» атты сыныптан тыс жұмыс жүргізілді.
5-11 сыныптар аралығында «Желідегі қарым-қатынас этикасы» тақырыптарында тәрбие сағаттары өтілді.
Мектеп психологы Д. Бермагамбетова теріс ықпалын тигізетін интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған түсіндірме жұмыстары мен тренингтер өткізді.
«Ата-аналар үшін жадынама» тақырыптарында оқушылар мен ата-аналарға арналған жадынамалар мен парақшалар таратылды.
5-10 сынып оқушылары арасында «Шынайы өмір – виртуалды әлемнен жақсы» айдарымен акция өтіп, соңы флешмобқа ұласты.
Мектеп кітапханашысы Тиашимова Нагима мектеп оқушылары арасында ««Интернет орнына кітап» тақырыбы акциясын өткізді.
«Ғаламторды пайдалану - қажеттілік пе? әлде?» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі Рахметов Қуаныш 9-10 сыныптар арасында дебат өткізді.
Балалардың телефондар мен компьютерлерде интернеттегі және әлеуметтік желілердегі іс-әрекетіне ата-аналардың бақылауын күшейту мәселелері бойынша ата-аналарға мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен ата-аналар жиналысы өткізілді. Отбасылармен ата-аналар қоғамдық бірлестігімен бірге ата-аналарға жадынама парақшалар мен WhatsApp мессенджерлері арқылы топқа қосылған ата-аналарға ұсынымдар таратылды.
Науқан барысында дөңгелек үстелдер, баяндама, балаларға арналған шығармашылық сурет байқаулары сияқты іс-шараларды өткізілді.
Өткізген: информатика пән мұғалімі Кенесова А.Т.