«Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Кеңащы аулының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кенащи отдела образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық «Үздік педагог-2019» байқауы

18.04.2019

«Үздік педагог-2019» байқауы

 

Байқаудың мақсаты - мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы білім беру саласын жетілдірудегі жаңашыл педагогикалық идеялармен тиімді білім беру технологияларын насихаттау. Тәрбиенің нысандары мен әдістерін жетілдіріп, оқыту мен тәрбиенің үрдісіне жаңа технологияларды енгізу. Сонымен қатар, шығармашылық ізденісте жүрген педагогтардың тәжірибесін жетілдіру.

«Үздік педагог-2019»  байқауы үш аталым бойынша өтті. «Үздік педагог - 2019» байқауының  бірінші кезеңі 10 сәуір күні Абай атындағы №2 қазақ және қалалық №1  орта мектептері мен  «Күншуақ», «Айгөлек» балабақшаларында барша ұстаздар 20 минуттық шеберлік-сабақ үлгісін көрсетіп,  қорғады.

2019 жылы  сәуірдің 16 жұлдызында        аудан мектептері арасында Кенащы  орта мектебінде аудандық «Үздік педагог - 2019» байқауының  ІІ кезеңі өткізілді. Ал екінші кезең «Мұғалім шеберханасы және «Менің ұстаздық ұстанымым» атты аталымдар бойынша өтті.     Бұл байқауға  өз бақтарын сынға салуға  24 ұстаз бен 4 балабақша тәрбиешілері    қатысты.                                                                                                                                                                                                                        

«Үздік педагог - 2019» байқауына қатысқан қатысушылардың жұмыстарын әділқазы мүшелері бағалап, төмендегідей шешімге келді:

Еңбекшілдер орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Куандыкова Жанаргуль Кайлашевна ІІІ орынды, Қалалық №1 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Ильясова Гульназ  Карибаевна ІІ орынды иеленсе, Казгородок орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Баянжанова Анар Амангелдыевна және Кенащы орта мектебіндегі «Ақбота» шағын орталығының тәрбиешісі Жусупова Мейрамгуль Кыстаубаевна І орынды иеленді, ал Бұланды орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі  Идрисова Асемгуль Рашидовна гран-при иегері атанды. Барлық қатысушылар белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен, ал жүлделі орынға ие болған қатысушылар мақтау қағазы және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

         Кенащы орта мектебінің тәрбиешісі мен Бұланды орта мектебінің  ағылшын тілі пәні мұғалімі  облыстық кезеңге жолдама алды. Аталған әріптестерге сәттілік тілейміз!

Просмотров: 640


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст