1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау мақсатынла еліміздің барлық өңірлерінде, оқу орындарында 1 мамыр тойланады. «Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше.
Осыған орай Кенащы орта мектебінде де әр сынып жетекшілері 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған тәрбие сағаттарын өткізді. Соның бірі 6-сынып оқушыларымен жетекшісі Кешуова К.С. «Ынтымағы мен бірлігі жарасқан Мәңгілік ел Қазақстан!» атты сабақ өткізді. Мақсаты, Қазақстан халқының бірлігін нығайту, жастарды достық пен ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.
Тәрбие сағаты барысында оқушыларға бұл мерекенің мағынасын түсіндіріп қоймай сонымен қатар, 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылғаны туралы айтылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келетінін атап айтты. Және де бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Осының бәрі Елбасының қоғамдағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда екенін жеткізді.
Сабақ соңында оқушыларды топқа бөліп, жағын сайыс ұйымдастырылды.