Текст
«Кеңащы а.ЖОББМ» КММ бойынша 20 ақпан мен 1 қыркүйек күндері аралығына жоспар құрылып, жоспарға сай жұмыстар жүргізілді. Алғыс айту күніне ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелерімізден бейне құттықтаулар алынды. Ал барлық сыныпта «Алғыс айту парызым» атты сынып сағаттары өткізілді. Мектеп тәлімгері мен әлеуметтік педагог бірлесіп оқушыларды ата-аналарына, туыстарына, өскен ортасына, туған еліне алғыстарын жеткізген бейнеролик түсіріліп, әлеуметтік желілерде жарияланды.