Текст
18 сәуір күні буллингке қарсы онкүндік жоспары аясында мектебімізде "Ата-аналарға: Буллинг туралы... Кибербуллинг: балалардың әлеуметтік желідегі қалай қамтамасыз етеміз?» тақырыбында әр сыныптың сынып жетекшілері жекелеген жұмыстар жасап, мектепішілік ата-аналар жиналысын өткізуде. Жиналыс барысында ата-аналарға буллинг, кибербуллинг оның түрлері туралы мектеп психологы Д.Б.Бермагамбетова түсінік беріп, жасөспірімдер арасында буллингті болдырмау, оның алдын алу, егер бала буллингтің құрбаны болған жағдайда немесе буллингті ұйымдастырушысы болған жағдайда ата-ана не істеу керек екендігі туралы кеңестер беріліп, презентация көрсетіліп, ата-аналарға жадынамалар таратылды.Жоспарға сай жұмыстар жалғасын табатын болады.