Аталмыш жылдың 13 мамыр күні елорда уақытымен сағат 12:00-де бір мезгілде барлық білім беру ұйымдарында «Жасыл мекен» республикалық челленджі өтті. Оған мектебімізде өз үлесін қосты. Акцияның мақсаты: экологиялық мәдениетті, өлке табиғаты мен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, еңбекқорлықты, қоршаған ортаны көгалдандыруды дамытуға бағытталған.
Челленджге мектебіміздің мұғалімдері мен оқушылары, сонымен қатар, Қамқоршылық кеңестің мүшелері, қадірлі қонақтары ретінде ауыл әкімі Бермағамбетов Самат Қайырбекұлы және Біржан сал ауданы білім бөлімінің басшысы Ақшалова Ақкенже Төлеубайқызы қатысты. Жалпы челлендж барысында 30 түп қарағай көшеті отырғызылды. Акцияның өтуіне қолдау білдірген ауыл әкімі Бермағамбетов Самат Қайырбекұлына және мектеп қызметкерлері мен оқушыларына, көшеттерді жеткізуге қол ұшын берген Бермағамбетов Руслан Тұрысбекұлына мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз.
#оқуағарту #заботаоприроде #посадкадерева #жасылмекен #еңбекқорлық