2023 жылдың 10 қарашасы күні мектебіміздің 5-11-сынып оқушыларымен аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары полиция лейтенанты Төлегенов Арман Талғатұлы мен полиция аға лейтенанты Альменов Адлет Альбиевич кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты құқықбұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдер арасында етек алған вейп қолдау, мезгілсіз уақытта кешеде жүру, кәмілеттік жасқа толмаса да ата-ананың рұқсатынсыз көлік тізгіндеу, буллинг және кибербуллинг құрбаны болу, кешкі уақытта қоғамдық орындарда жүруді болдырмау сияқты өзекті мәселелерге байланысты түсіндіру жұмыстары өтті. Сонымен қатар, полиция аға лейтенанты Альменов Адлет Альбиевич құқықбұзушылықтың түрлері: тәртіптік, азаматтық құқықтық, әкімшлік, қылмыстық болып бөлінетінін түсіндірді. Қоғамдық орындарда тәртіпті сақтамау, тәртіп бұзушылық қылмыстың түрлеріне байланысты заң алдында жауапкершіліктің әртүрлі болатыны жайлы ақпараттар да берілді. Кездесу соңында, оқушылар тараппынан қойылған сауалдарға заңдық нормаларға сай жауап беріліп өтті.