Текст
#атааналардыпедагогикалыққолдау
Мектебіміздің "Ата-аналарды қолдау орталығының" жоспарына сай аудандық оқу-өндірістік комбинатынан арнайы мамандар келіп, 10-11-сынып оқушыларының көлік жүргізу куәлігін алу үшін уақытылы оқуға келіп тұруын ата-аналардың қатысуымен шешу мақсатында кездесу өткізді. Кездесу барысында ата-аналар өздерін мазалап жүрген сұрақтар төңірегінде арнайы өкілдерге сұрақ қойып, нақты жауаптар алды. Сонымен қатар, ата-аналар балаларының тұрақты түрде оқуға баруы үшін көлікпен қамтамасыз ететіндіктерін айтып, келісімге келді. Мектебізден оқу-өндірістік комбинатына биылғы оқу жылында 4 оқушы барды.