2024 жылғы ҰБТ форматы мынадай: Математикалық сауаттылық – 10 тапсырма, шекті балл – 3; Оқу сауатталығы – 10 тапсырма, шекті балл – 3; Қазақстан тарихы – 20 тапсырма, шекті балл – 5; 1 бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5; 2 бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2024 жылы ҰБТ-да болатын болатын өзгерістер туралы мәлімдеген еді. Оның сөзінше, ҰБТ-дағы тапсырмалар саны 120 сұрақ болып өзгеріссіз қалады. Жоғары балл – 140, ол да өзгеріссіз қалды. Дегенмен, тест тапсыру уақыты қысқарады. Алдағы уақытта талапкерлерге тестілеуден өту үшін 4 сағаттың орнына 3,5 сағат беріледі. Оған қоса шығармашылық бағытын таңдаған талапкерлер "Қазақстан тарихы" мен "Оқу сауаттылығы" пәнінен бөлек, "Математикалық сауаттылық" пәнін де тест тапсыруға міндетті болады.