Мұғалімдерге арналған олимпиадалар-бұл мұғалімдерге өз білімдерін, дағдылары мен кәсіби жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік беретін бірегей мүмкіндік. Қазақстанда мұндай олимпиадалар білім беру сапасын арттыру және оқытушылардың дамуын ынталандыру мақсатында өткізіледі. Мұғалімдерге арналған олимпиадалардың міндеті-білімді тексеру ғана емес, сонымен қатар кәсіби құзыреттілікті дамыту. Оларға қатысу мұғалімдерге тәжірибе алмасуға, жаңа әдістемелерді, оқыту тәсілдерін үйренуге және өз біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік береді.
2023-2024 оқу жылында "ПедСтарт" республикалық қашықтық олимпиадасына бастауыш сынып мұғалімі Катаева Салтанат Каиркешовна қатысып, 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Әріптесімізге, өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.